Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  76


Автор: Ғали Орманов

Бетіне тіктеп қарамай...

Бетіне тіктеп қарамай,
Сақтағам көңілін ағаның.
Танимын дереу баладай,
Тарынып шытса қабағын.
Мұздаған бірақ ірілік
Өзгенің бойын көрсетпес.
Төркіні бөтен бұл қылық
Жараспас жанға сіз тектес.
Сүйкімді қандай қыз мінез
Оранған ылғи жібекке!
Жаныңды жебеп сол əр кез
Жүреді жылы жүректе.
Ағаның жаны болса ізгі,
Жайың жоқ ешбір көрмеуге.
Өзгертпей əсте мен сізді
Сақтаймын солай кеудемде.
Айнымаса аға алдыңда,
Ініге қандай зор мақтан!
Сезесің дəйім жаныңда
Секілді маздап жыр жатқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу