Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  95


Автор: Ғали Орманов

Талғауым, маған көмек бер...

Талғауым, маған көмек бер,
Толғанып өлең жазарда.
Қолымда дайын шелектер,
Барайын мен де базарға.
Бағыдан базар белгілі,
Бағалы нəрсе көп шығар.
Кезіксе жеміс не гүлі,
Біреуі керек боп шығар...
Адамның бағы əйтеуір
Сыналады осы базарда.
Алдыма бəрін тарта гөр,
Алайын таңдап жазарда.
Ұялмай үйге келуге,
Табайын тəуір жемісін.
Жарасын жақсы деуіне,
Шикіңді халық не қылсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу