Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  69


Автор: Ғали Орманов

Ақынның жаны өксімей...

Ақынның жаны өксімей,
Ағытып өлең жаза алмас.
Сөзіне көңілі көншімей,
Тербелер қатты ол алғаш.
Жүректе жүгің жеңілер,
Пернесін тапсаң кейде бір.
Сылдырап өлең төгілер,
Секілді түгел кеудең нұр.
Жүзбесе жаның тереңге,
Жылуы жетпес сөзге оның.
Тартпасаң соны өлеңге,
Сезімін шертпес өзгенің.
Қозғамас жанды сірə өмір,
Көзіңе кейде жас толмай.
Кеудеге сен де кіре біл,
Қалшиып өңкей тас болмай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу