Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  149


Автор: Ғали Орманов

ШЕБЕР

Жіңішке жібі жібектен
Созымды сонша бұл не екен?
Өсімдік болса – кім еккен?
Өзгеше, бəлкім, жүн бе екен?
Аяқтағы əсем ботинкең
Секілді тосын былғары...
Жейдеңді шебер кім тіккен,
Жаншылмас жаға қырлары?
Киінсең: пальто, ішігің
Сыпайы, жылы, жеп-жеңіл.
Үстінде бұрын ешкімнің
Бұйымым емес көрген бұл!..
Жарғағың жұқа қаңбақтай,
Жауында сырғып су тайған.
Бояуы оңып, күн қақпай,
Киімің қалай құтайған?
Сұқтанып досың осылай,
Сұраса сенен қиыла,
Дер едің оған қысылмай:
– Шебері мұның химия!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу