Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  77


Автор: Ғафу Қайырбеков

«Не керек, – деді Эльбрус, – бəрін айтып...

«Не керек, – деді Эльбрус, – бəрін айтып,
Оралмас өткен дүние кері қайтып,
Дəл сондай құдіретті құдаймен тең
Келемін мен ақынға жарымай түк.
Адам, – деп, оның атын атағанмен
Адамнан биіктігін байқағам мен.
Елдің де байғұс кезі көп болады
Жон ғана күн кешетін жарты адаммен.
Келді ғой, жазды бізді талай ақын,
Есімін ірі жазып, қол қоятын,
Дариға, ол секілді бүркіт қайда
Қанатын кең аспанға мол жаятын!»
«Қош, сау бол!» – деді маған шың Эльбрус,
Жамылды бұлт пердесін кəрі туыс.
Əдісі əлсіздіктің – үндемедім,
Ол шалдың айтқанының бəрі дұрыс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу