28.06.2022
  71


Автор: Түс жору

Бас—мал-мүліктің, қазынаның белгісі. Бас үлкен болса, беделі артады, ал кішкентай болса, кемшілігінің барын білдіреді. Кімде-кім басының арыстанның басына айналғанын көрсе—мал-мүлікке ие болады. Егер ит, есек, аттың басына айналғанын көрсе—қиыншылық болады. Түсінде басының иіліп тұрғанын көрсе—ол адам істеген ісі үшін өкінеді. Басының шабылғанын және қайтып орнына қойылғанын көрсе—өмірдегі күресте жеңіске жетеді. Басында жара көрсе—аурудың, біреудің басын жару, ренжудің, шашын алу—табысты білдіреді. Қолында кесілген бас бар болса—беделді адамнан жәрдем алады. Мойнынан басының үзілгенін көру—егер бай адам болса, байи түседі, қызметкер болса, айлығы мен табысы көбейеді, қарыздары болса, құтылады, қиыншылық көріп жүрсе, қуанады. Егер өз басын көлеңкеде немесе айнада көрсе—мал-мүлік пен дәулетке жорылады. Өліктің басын немесе сүйектерінің бір бөлігін көру—үлкен беделді адамнан жәрдем алады. Өзінің басынан басқа тағы бір бастың болғанын көру— бес түрлі жорылады: ұзақ өмір, жұмысының жеңілдеуі, жақсы нәтиже, бір кәсіпорынға мүше болу, үлкендерге жақын болады. Түсінде басының үлкейгенін көрсе—атақ пен даңқты, ал кішірейгенін көрсе—керісінше болатынын білдіреді. Малдың басы—молшылықты білдіреді. Еті желінбейтін малдың басын көру—жақсылықтың белгісі емес. Басыңыздың қатты ісігенін көру—абыройыңыздың өсетіндігін, дүние-мүлікті білдіреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу