27.06.2022
  137


Автор: Түс жору

Балшық: ақ және жасыл балшық—науқастану, қызыл балшық—ойын, қара балшық—қайғы-мұң. Балшықтың ішінде немесе батпақта жүру—қайғы мен қасірет. Балшыққа көміліп, бірақ тұншықпағанын көрсе—басына келген бәлекеттен құтыла алмайды. Балшықтан шыққанын көрсе—бәледен оңай құтылады. Піскен балшық көру—адамдарды бір-бірімен ұрыстыру. Піспеген балшық жегенін көрсе—баласы мен отбасы үшін мал жинайды. Үйін балшықпен сыласа—қиыншылық болады. Балшықтың ішінде жүргенін көрсе—науқас болса, науқасы ұзаққа созылады. Балшық істеп, одан кірпіш илегенін көрсе, жақсылыққа жорылмайды. Кейбір түс жорушылардың пікіріне қарағанда, түсте балшық илеу—ұрыс-керістің және дұшпандықтың белгісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу