27.06.2022
  120


Автор: Түс жору

Балға: түсінде балға алғанын көрген адам берекетке кенеледі. Балға сатса—бір заты жоғалады, ал балға сатып алса—бақытты болады. Балғамен шеге қағу—қуанышты хабар есту. Балғамен бір нәрсені сындыру—ойын-сауықтың, көтеріңкі көңіл-күйдің белгісі. Балғаның даусын есту—бір жерге шақырылатынының нышаны. Бір адамды балғамен ұрса—мәртебелі адамның көмегі тиеді. Шеге қағып жатып, қолын ұрып алса—айналадағы адамдардан сөгіс естиді. Балғамен жұмыс істеп жатып, балғаның басы шығып кетсе—жұмысынан шығады, саудагер болса, шығынға батады, үйленген болса, ажырасады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу