Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  79


Автор: Қасымхан Бегманов

Ғашық еткен, ақын еткен елiк ең...

Ғашық еткен,
ақын еткен елiк ең,
Қайда барсам
ерке елесiң менiмен.
Iңкәр жан ем
сол кезеңде өмiрге,
Бұл жылдары барлығынан жерiгем.
Елiм барда жырым, гүлiм солмайды,
Қош жастық шақ,
қоштаспасқа болмайды,
Қара нардай көтеремiн,
тек қана,
Сенi қайтып көрмейтiнiм – сол қайғы.
Досым сатты,
сатпаған тек өлеңiм,
Өлеңiмдi аялаумен келемiн.
Өлер болсам биiгiмдi алып мен,
Өсектердi жеңiп барып өлемiн.
Барым осы,
ал қалғаны Сiзге сын,
Боран десiн,
көктем десiн,
күз десiн.
Бiр жылдары менi iздеген жан болса,
Ғашықтардың жүрегiнен iздесiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу