Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  72


Автор: Қасымхан Бегманов

Бес күн тiрлiк...

Бес күн тiрлiк...
жеткiзбедi-ау мұраттар,
Анталайды шешiмi жоқ сұрақтар.
Адамдарды әлдеқайда асыққан,
Алып қалып жатыр мұңлы қыраттар.
Жұмбақ сестi сезiнесiң моладан,
Ей, жолаушы, абайлап жүр, бол аман.
Алып қалып жатыр, әне бiртiндеп,
Адамдарды ақ кебiнмен ораған.
Өмiр солай...
кiмге бүгiн сын тағам,
Айту үшiн менi осында жұмсаған.
Жақсы менен жайсаңын да кешегi,
Төмпешiк қып топырақпен қымтаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу