Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  105


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ГРАММАТИКА

Бұл бір сөйлем сонау жылы басталған,
басталған да тасталған:
майлы саусақ таңбасы бар шетінде,
бір шетіне жас тамған...
о баста бұл сөйлем еді лепті,
дір еткізер жүректі,
пайда болып нүктелер мен үтірлер,
сарсылумен, күрсінумен күні өтті...
содан бері шұбырған із — көп нүкте,
(көп нүктесін көрдік те)
кейбіреуі тесік болып түседі,
жыл жылжыса жуандаған белдікке...
кей тұсында шиырланған үтірлер —
көр түземес бүкір бел,
шүкіршілік, —
күпіршілік болмапты,
жанықтырып:
«желге қарсы түкір!» дер...
сол сөйлемге сырын ашып жырақтар,
құйып жатар бұлақтар,
жолын оның кес-кестейді мәңгілік
сарқылмайтын сұрақ... сұрақ... сұрақтар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу