Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  133


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Қара жер хабар берсінші

Қара жер хабар берсінші
Тартатын болса қойнына.
Жыланнан арқан өрсінші
Оралып қалсын мойныма.
Айналды орман көмірге,
Айналды күлге қайыңдар.
Алаң бар ауыр көңілде,
Жүректе удай уайым бар.
Бұлбұлдар бүгін көбейді
Орманның айтқан тілегін.
Мен жайлы олар не дейді?
Дейтіндей, бірақ кім едім?
— Қиыннан қашып кетті, — деп,
Түскенде ауыр елге сын, —
Төбемді жатса тепкілеп,
Қара жер хабар бермесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу