Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  71


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАЙТА ҚҰРУ

Өзгеше өмір сүре алмаймын,
Ағайын,
Өзге өмірді қайдан іздеп табайын?
Жаңа жүрек жасап берер кім маған,
Ескісінің жыртықтарын жамайын.
Жүрегім бар қобызындай Қорқыттың,
Сәл тынысқа тебіренер толқып тым.
«Аспандағы айды әперем» дегенге
Қолдағымды келмес бірақ қор тұтқым.
Басқа адамға айнала алман енді мен,
«Айналам» деп жұртты қалай сендірем?
Көкпар көріп кергіленген жүрекпен
өмір сүрем шыққанынша соңғы дем.
Жақсылықпен болып қалам жүректес,
Бәрі өтсе де рахымның күні өтпес.
Жер астында сынамайды жүректі
Жер үстінде жарылса да ол —
Түк етпес!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу