Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  55


Автор: Жангелді Немеребай

КЕПТЕРЛЕР

Сезімнің сепкен нұрын,
Сүйетін көктем гүлін.
Елімнің ерке құсы,
Көрінбей кеткен бүгін.
Көлбайдың кептерлері,
Қонбай жүр көптен бері.
Алысқа қанат қағып,
Оралмай кеткен бе еді.
Жүрегім жылап еді,
Жұбатты жыр әдемі.
Алғашқы махаббаттың,
Сендерсің куәгері.
Көп көрген тағдыр желін,
Сендердей тағдырлы едім.
Бірге ұшып өздеріңмен,
Кеткен -ай бал күндерім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу