Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  113


Автор: Жангелді Немеребай

ТАСТҰМА

Тастұма жердің атауы,
Әлемді таудың етегі.
Тас бұлақ ағып жатады,
Ежелгі елдің мекені.
Тас тұма төрдің атауы,
Бабамыз қоныс тепкен жер.
Тастұма белдің атауы,
Мал жайып егін еккен жер.
Тастұма маңы жоталы,
«Есболай», «Таубай» бөктері.
Осында Көлбай атаның,
Ерлікке қолы жеткені.
Тарихтың жырын кең толғай,
Қозғасақ арғы ғасырдан.
Қабанбайлар мен ер Көлбай,
Қалмақты таудан асырған.
Атадан қалған сан із бар,
Көнеден жеткен күй сарын.
Өлкесі — отын тамызған,
Қожеке, Дүзбай, Исаның.
Тереңнен шыққан тас қайнар,
Шипалы дейді бұлақты.
Суы бар мұнда тастай нәр,
Жер бетіндегі жұмақтың.
Осы жер біздің ауылдың,
Тарихи ата қонысы.
Ағайын туыс бауырдың.
Ұмытпай жүру - борышы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу