Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  127


Автор: Жангелді Немеребай

Көп менің таусылған сәттерім...

Көп менің таусылған сәттерім,
Сиясы секілді қаламның.
Ей,өмөр не деген тәтті едің,
Сияқты қылығы баламның.
Болса да азырақ әттеңім,
Мұңымды келеді ел білмей.
Ей,өмір не деген тәтті едің.
Мен сүйген керімнің ерніндей.
Өлеңмен толтырған дәптерін,
Ақынмын...
Бастысы АДАММЫН.
Ей,өмір бірақ сен қатты едің,
Сонда да ризамын саған мың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу