Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  76


Автор: Мерғали Ыбыраев

Кебін

Адамның жақсысы артта, жаманы алда,
Бас қайда, бас-басына бағаларға.
Бәріне бірдей қылып бөрік тіккен,
Шапанын шап-шақ пішіп, шамалар ма?!
Адамның жақсысы артта, жаманы алда,
Шығармас бәрін бірдей заман алға.
Ішінде көп қарғаның ақ қарға жүр,
Ақ қарғаның ішінде – ала қарға;
Бас керек, бас-басына бағаларға
Кісіде сөзім барда, сан барда,
Қисын жоқ бәрі бірдей саналарға.
Дүниенің Абай айтқан кірпіші не,
Аптықпа алтын сарай қаланарға.
Көрсетсе кей пысықтар, ақыл ептік,
Наданның нанымын да нақыл еттік.
Сөзі де, өзі дағы өлшенбей ме,
Кебінмен алла пішкен ахиреттік?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу