Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  79


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Күйге түсіп айтқан кезде бір мұңды...

Күйге түсіп айтқан кезде бір мұңды,
Күміс үнді көмекейім қылғынды.
...Ұмтылғанда сүйенетін тіреуге...
Саған жетпей, ұстаушы едім құрбыңды.
Әуен ойнап тұрған кезде бір мұңды,
Мас есікке арманындай мың күнгі –
Ұмтылғанда сүйенетін тіреуге,
Саған жетпей, ұстаушы едім құрбыңды.
Түк қалған жоқ бұрынғы аусар еңседен,
Шыққандай-ақ сот өтетін кеңседен.
Айтып өлтір, ару, аппақ Тәңірім,
Айрылдым ба, айрылдым ба мен сенен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу