Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  94


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Жер бетін жаулап алған сәттерде гүл...

Жер бетін жаулап алған сәттерде гүл,
Аймақты аспанымен ап кел де бұл,
Көпіршігін тұтамын дәптерге бір,
Сан соғып, соқпас үшін әттеңге құр. –
Деген ой көкірекке ұялап кең,
Сөз бастап «Мамыр» деген зиялы атпен.
Көрпеше төсеген соң қияға әпкем,
Жатқамын көз алдымды сиялап мен.
Әлемге болсыншы деп сазым да айғақ,
Құлаққа күйін төсеп наз үнді аймақ,
Жатқанда жарты қызық жазылмай қап,
Саз жақтан шыға келдің қазыңды айдап.
Күлімдеп өзің жақтан өзгеше күн,
Тыйған-ды ой шаруасын, сөз де шерін.
«Қаптаса жай күндері көзге шелі,
Жын буып жатқаныңда кездесейін.
Маусымда кекіліме көк гүлді іліп,
Қасыңнан мамырда да өттім күліп», –
Деп менің бір қатемді көп мін қылып,
Қаз айдап өлеңіме кеттің кіріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу