Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  91


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Қиялдардай қызықтар да көп алда...

Қиялдардай қызықтар да көп алда,
Сынақ туса, сілтеп жібер мені алға.
Саулығыңды сайран салып тойладым,
Саған көйлек көгалда.
Мен бұл күні сұлу төзім сабырмын,
Ақсақтан да асып кеткен әмірмін.
Мерекенің мерекесі басы емес,
Ортасында мамырдың.
Жұматай ма? Керек емес мұны аяу,
Жүрегінде намысы ояу. Жыры ояу.
Сенің барың, сенің бұлай туғаның,
Қандай ғажап, құдай-ау!
Біздің ғұмыр алды қиын, арты бақ,
Даналықтың шарабынан тартып ап.
Менің елу килограмм алтыным,
Дүниені жарқырат.
Бір сырласып, басым менің айналды,
Айналды да, алмас тілім байланды.
Сүйіп, сүртіп, жарқыратып қойсаңшы,
Сөйлейтұғын айнаңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу