Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  94


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Тамсанып таңдайдың суын жұт...

Тамсанып таңдайдың суын жұт,
Жеміске толы бұл гүлді іргем,
Алқызыл таңқурай уылжып,
Белінен талып тұр бүлдірген.
Қанбайтын көзбенен көңіл түк,
Желекті жерде бұл жел өпкен.
Көгілдір көйлегін төгілтіп,
Қыздар жүр табақпен, шелекпен.
Тұмсығын гүл менен шөп қағып,
Тайпалып мен мінген сұр жорға ат.
Соңында үй тасты бір жон қап,
Сол сұлу қыздарға жетті ағып.
Тіл қатып, жауабын тыңдап ем,
Саңқылдап сан дауыс шығады.
Біреуі: «Әй, бала, мұнда кел»,
Біреуі: «Әй, жігіт, құры әрі».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу