Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  377


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ҚОЯНДЫДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Қырандар ұшты жабыла,
Тобылдан Қарқаралыға.
Отарлар көлдей көлемді,
Атбасар жаққа жөнелді.
Долоның жусан жамылған,
Көше алмай қалды қауыннан, –
Қауынның қоңыр тәні әрлі,
Піскендей пеште – ағарды.
Қарбыз да толды, нәр – сонда,
Түбіне дейін кәусарға.
Танаудан шығып бар күші,
Ышқынтып іштен аттарды.
Жалғанның мынау жартысы,
Қоянды жаққа аттанды.
Жүз аты қырдың қарайды,
Жай атып тағы жанары.
Алдыңнан енді борайды,
Арпаның алтын бораны.
Жүз тұлпар желден озбас па,
Қырау түк жүз боз гулер шын.
Тұқырса басын боз қасқа,
Боз жұлдыз жанып тұр дерсің.
Алтайдан жетсін жұпарың,
Тұмандат, гулет, кәрі шың.
Шулайды қайың бұтағы,
Қазақтың моншалары үшін.
Танаудан гулеп бар күші,
Ышқынтып іштен аттарды.
Жалғанның мынау жартысы,
Қоянды жаққа аттанды.
 Ішсін бе жігіт оймақтап?
Көселеп тартты-ай шарапты.
Тамғасы санда ойнақтап,
Тұлпары жұртты қаратты.
Ішті-ай кеп казак – ірі еді,
Қап-қара құрым етікті.
Ат жалына өрген жібегі,
Ұйтқи да шалқып кетіпті.
Ер-тұрман күміс жаптырған.
Пай-пай, – деп таңдай қақтырған.
Ай-хай, – деп таңдай қақтырған,
Алқалы топ бұл айғайлап,
Айналма бәйге шаптырған.
Қалдың ба? Күл де шалқала,
Өзіңнен анау ырысты.
Жоғалттың кенеп қалтадан,
Жиырма бес сомдық күмісті...
Долоның жусан жамылған,
Көше алмай жатыр қауыннан.
Отарлар көлдей көлемді,
Атбасар жақ деп жөнелді.
Қырандар ұшты тағы да,
Тобылдан Қарқаралыға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу