Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  93


Автор: Саян ЕСЖАН

ТҮНГІ «КАРТИНА»

Жолдар сұлық.
Қалтырайды жиекте тоңған шілік.
Ессіз көше қоңырқай есінейді,
Жел сызымен ауаға қанжар сұғып.
Бұлдыр ғалам.
Айдың бозғылт сəулесі,
Түн.
Жыр…
Далам…
Мөлт-мөлт еткен тамшының мөлдір сөзі,
Күміс су көмейінен былдырлаған.
…Қараңғы ауыл.
Сан ойлар жамырайды санамда кіл.
Сəмбі талға сүйеніп əлі тұрмын,
Тапталып… табанда Гүл…
......................................................
Жолдар сұлық…
Түн əлсіз күбірлейді: «Алдамшы Үміт!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу