Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  90


Автор: Асхат РАЙҚҰЛ

СЕН КЕТКЕН КӨШЕ

Сүреңсіз көңіл қамықты неге?
Торықты жүрек тосылып.
Қам сүйгіш өлең зарықты неге?
Санамды кезген бос үміт.
Күтеді тағы үнсіздік алдан,
(...оңынан туар Айым – ə.)
Жаһанда жалғыз жүрсің бе қарғам?
Оралдың бүгін ойыма.
Көшемен анау кеткелі өзің,
Ақ қайың менің серігім.
Күтемін сосын...
өрт болып төзім,
сұлбаңды іздеп, елігім.
Ол көше əне, Өзімдей өңкей
Қайыршылардың соқпағы.
Қайыңды құшып көзімді ілмей,
Күтемін...
Сұлбаң жоқ па əлі?!
 Қалқыған күйі сары жапырақ,
Иыққа қонды,
Сөнді үміт.
Өлді ғой деймін, бағыты – жұмақ,
Сағыныш мұңын жамылып.
Қамшы сап – ғұмыр, жетеді кімге?
Көкжиек жұтар бір із тек.
Ана-а-ау көшемен кетемін Мен де,
Сен басқан ізден сыр іздеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу