Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  127


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ГҮЛ

Қонатын гүлден гүлге көбелектің:
«Гүл иісі, – дейтіні анық, – керемет тым».
Сол гүлден шырын сорған бал арасы
Қуанар болғанына адал асы.
Ұшып жүр гүлзар бақта соналар да,
Оларды қуып тастар шама бар ма?!
Жайнаса əсем гүлдер күнді көріп,
Сайрайды бұлбұл құс та гүлді көріп.
Əр нəрсе осындайда келеді ойға,
Сол гүлің шөптен төмен сиыр мен қойға.
Ұнайтын маған, бірақ, бір міңезі,
Мəн беріп жатпайды оған гүлдің өзі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу