Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  102


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бұл жалғаннан іздеп жүрген мұратын....

Бұл жалғаннан іздеп жүрген мұратын,
Сөзін берсе уəдеде тұратын,
Адалдықты жүрегінде сақтаған,
Біздің қазақ əлімсақтан шын ақын.
Дүнияда қала алмаған бос, қапыл,
Бабын тауып айта білген досқа ақыл,
Қайраты үшін дұшпанын да сыйлаған,
Біздің қазақ əлімсақтан қас батыр.
Тозғанменен өткен күннің сырмағы,
Таттана ма алмас пышақ қындағы?!
Мақтаның да қалады ғой қиқымы,
Біз боламыз сол қазақтың жұрнағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу