Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  81


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Алауладым

Алауладым,
Жалауладым,
өртендiм,
Есiгiнен енейiн деп ертеңнiң.
Көңiлiмнiң төрiндегi қуаныш
аспанымның көгiндегi көркем Күн.
Тебiрендiм,
емiркендiм,
сүйсiндiм,
Кетбұғаның қобызынан күй сiңдiң.
Қорқыт бабам қобалжытқан көңiлiн,
Пәтуасыз пәни жанын түйсiндiм.
Өлеңiмнiң өзегiнен өтердей
өмiрiмнiң өрiсiнде от өрмей,
Жүрегiмнiң жұмылады саусағы,
тамырымда қан қызуын көтермей.
Құлқынында қыдырмаса бiр кесiм,
Итiң қалай иесiне үрмесiн?!
Еңкейген Күн етегiне жармастым,
тiршiлiктiң талқан қылып түрмесiн...
Содан кейiн,
содан кейiн алысқа
көз тiктiм де,
назар салдым талысқа?!
Қара шыбын қарашықтың iшiнен
ұшып шығып,
сiңiп кеттi ғарышқа...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу