Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  128


Автор: Азамат Тасқараұлы

Жоғалтуға көнгім кеп жүр...

Жоғалтуға көнгім кеп жүр,
Көнемін,
Сұрамаңыз,
сұрамаңыз себебін.
Көзге тікен кіргендей,
Қызылқанат түнді кешіп келемін.
Тысқа шықсам жел келеді,
зарлығым,
Ұмыттырмақ барлығын.
«Құрғыр жүрек ауырмаса»
деймін мен,
Не керегі бар мұның?!
Ақсақ бақыт
бізге де кеп жетердей,
Түнді жүре тұрсам ба екен мекендей?
Ақ Ертісті кешіп өткім келіп тұр,
Кешіп өтсем бәрі өзгеріп кетердей.
Бәрі осылай біткендігі заң шығар,
Өз ыңғайын өзі білер жаршы бар.
Сен туралы ән жазуда тамшылар,
Тамшылар,
Тамшылар...
Жылы сөзге қойса керек жарымай,
Жұқарады арық ай.
...«Енді қайтып жинамаймын!» деді ме,
Өмір бізді шаша салды тарыдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу