Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  85


Автор: Мақсат Әлсейітов

Алынды көк бестінің алтын ері...

Алынды көк бестінің алтын ері,
Барады қара бурыл тартып өңі.
Аспанға қаптап шықты қызғалдақтар,
Қызарып миллиард гүлдің жанды шоғы.
Аспанда қызғалдақтар қаптап сан мың,
Қауызы құлпы дөнді шоқтанған мың.
Ғұмыры неткен қысқа бір-ақ түндік,
Шапағын көрмей кетер атқан таңның.
«Қысқа» деп қызғалдақтың қыз ғұмырын,
Дегенмен адасып жүр біздің ұғым.
Көрмейді біздің ұғым
Түз гүлінің,
Ертеңге ұласатын жүз ғұмырын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу