Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  92


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Өліараның кезінде

Өліараның кезінде
Отырды қарт күйініп.
Жанын жеген сезімге,
Қас-қабағы түйіліп.
Жалғыз қалып жапанда,
Шіріп кеткен томардай.
Өмір мұнша қатал да,
Қисынсыз да болар ма?!
Алжығанның кері ме,
Ауырудың емі жоқ.
Шыға алмайды шері де,
Тілдесетін теңі жоқ.
Қауқары жоқ пендесіп,
Дархан көңіл – даладай.
Қатары жоқ белдесіп,
Қылжақтасар баладай.
Шығармайтын қамалдай,
Қиын екен жалғанда;
Қажет екен замандас,
Жетімсіреп қалғанда.
Алдамшы ғой тірлік-ай,
Оңнан,
Солдан тіл қатқан;
Бір олай да бір былай,
Өте шығар бұлғақтап.
Қатар жүрген құрбылас,
Əтуерсіз көрінген;
Көзден тайса…
Жым-жылас,
Бірінен бірі жерінген.
Қажеті қанша өкініп,
Əттең-ай, жөнін білмеген.
Тозғанын ойдан өшіріп,
Озғанын-дағы күндеген.
Шықпайды, міне, əзір үн,
Көзтүрткі бала-шағаға.
Замандастың қадірін,
Жүргенде қатар…
Бағала!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу