Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  121


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Таста тұнған іңкəрлік

Көз сүрінді…
Жан шалқып,
Көкжиекке көшті арман.
Тыныс талды,
Əн қалқып,
Шеберлікте шек бар ма?!
Өлмегені емес пе,
Уақыттан озғаны?!
Тасқа сіңген іңкəрлік,
Болмысымды қозғады.
Екі жастық елжіреп,
Қауышқанда қаталап;
Тұна қалған мөлдіреп,
Мəңгі көктем –
Махаббат.
Қыз – көрікті,
Қылықты,
Ұмтылады бұлқынып.
Жігіт жаны тұнық тым,
Жасын атқан,
Жұлқынып.
Екі жүрек…
Сүйікті,
Пəк сезімді ақтарған.
Тастан түйін түйіпсің,
Ғасырларға сақталған.
Армандардың алауы –
Аңсарлардың шөлінде.
Тек осы сəт қалауы,
Айыра алмас өлім де!
Күй күмбірлеп зердемде,
Тербеледі тұла бой.
Құдай қуат берген де,
Пендесің деу…
Күнə ғой?!
О, Роден,
Бауырым,
Тіл бітірген тасқа да;
Қозғар көңіл дауылын,
Сен де мəңгі асқақ əн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу