Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  86


Автор: Болат Жетекбай

Менің даусым

Азу тісін көрсетеді кім маған,
«Әлек салам – дейді, кімдер? – әлемге»
Кәне, кімдер қару-күшін шыңдаған,
От тұтатып, өрт қоймақшы бар елге?
Кімдер олар, атом жарып ғаламға,
Қалаларды құртып, қасірет шектірмек?
Армандары – қырғын, соғыс, зауал ма,
Жердің бетін қызыл қанға бөктірмек?!
Оспадарлар! Барма ойсыз қадамға!
Бізді жақтар тарих сөзін қабылда!
Ол – азаттық, бақыт берген адамға,
Бейбіт күнді қорғаушылар жағында.
Мен үндеуге қол қойдым да үн қаттым,
Бар даусыммен: «Соғысқа жол бермейміз!»
Әлемдегі әр бейбіт таң – қымбатты,
Бейбіт таңмен өркендейміз, өрлейміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу