Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  114


Автор: Марат Нұрқалиев

Алақұйын

Бір күні
Тынысымды кең алып,
Отыр едім демалып.
Кіріп келген
Көршім Епік
Бір қыздың суретін
Көрсетіп:
– Мына қыз маған ұнайды,
Ал саған ше! – деп сұрайды.
– Қайдам... Өзің білмесең, –
Дедім мен желкемді қасып.
– Түбі осыған үйленсем! –
Деді ол
Суретті кеудесіне басып.
...Тағы да бір күні
(Келтіреді күлкіні)
Құдайы көршім Епік
Тағы да бір суретті
Көрсетіп:
– Маған ұнайды,
Ал саған ше? – деп сұрайды..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу