Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  104


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қоштасу

Қанатын жайып қара түн,
Бауырым менің,
Алыстап менен барасың.
Ауыртты жанды,
Қоштасар сәтте, қарасың.
Бауырым менің
Сағыныш қайтып тарасын.
Жылжыды поезд
Мен қалдым бұлғап қолымды.
Тілектес болып
Жүрмін ғой тілеп жолыңды.
Бауырым дейтін
Жүрмін ғой аңсап сол үнді
Қысайын қатты, әкелші маған қолыңды.
Сен кеттің алыс,
Құлазып қалды көңілім.
Баспағын шалыс,
Бақытты болсын өмірің.
Бауырға деген
Ақ пейіл сенің жүрегің
Бақытты болғын тілерім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу