Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  76


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сын

Жақсы адамның қадірі өткен заман,
Кей адамдар неліктен, неге надан.
Жаманнан көңіл қалған, жақсыны ұққан,
Осы ғой екеуіне берер бағам.
Кей жанға жаның күйіп, ашынасың,
Ішіңде ар-намысың тасығасын.
Түйсіксіздің алдында төмен болып,
Қайтерсің жан жүрегің жасығасын.
Жауар бұлттай түнеріп келесің де,
Амалың жоқ қайтадан басыласың.
Сезініп сезімімнің тасығанын,
Ұлыларға мен мәңгі бас ұрамын.
Ұлылықтың ақ туын желбіретіп,
Келе жатыр артыңда жас ұланың.
0, ұлылар сендерді жырлап өтер,
Таусылмасын мәңгілік ғашық әнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу