Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  91


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ырғыз елі туралы

Мен жазбай, бұл өлеңді жазады кім,
Болса да тіршіліктің азабы мың.
Жерінде бабалардың ізі қалған,
Ырғыз елі – тірегі қазағымның.
Қонақ үшін жайылған, асқан асы,
Ырғыз елі бірліктің бастамасы.
Хан баба Әбілқайыр туын тіккен,
Ырғыз елдің алғашқы астанасы.
Сөзімнің тек бұл емес бастамасы,
Ыбырайдай қазақтың һас баласы.
Мектеп ашып, халқына білім берген,
Ырғыз елі білімнің астанасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу