Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  80


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жұбаныш

Сен жүрсің күліп түсімде,
Сағыныш баурап жүректі.
Сені ойлап жүрген үшін де,
Сезімтал жүрек дір етті.
Жүзіңнен күлкі кетпесін,
Тілегім осы арнаған.
Жақсылық саған беттесін,
Көкейімде сарнаған.
«Қарайсаң кіммен» – өмірде,
«Сонымен ағар» – дейді журт.
Келмесін әсте көңілге,
Қапа боп кетпе, беріп сырт.
Елемей мені кеткенде,
Бауырмал жүрек езілді.
Ештеңе көрмегендей,
Кеттім ғой жұмып көзімді.
Қайғыға жүрмін жегіліп,
Қоштасу қиын болды ма?!
Мен кеттім іштей егіліп,
Ыстық жас көзге толды да.
Мен мүңға батып кеткенде,
Қанатын жайды жұмбақ түн.
Сен мені ұмытып кетсең де,
Бәрінен маған қымбатсың.
Сезімнің ұғып сырларын,
Жанмын ғой өскен түсініп.
Сен келсең қарсы алар ем,
Ал қызыл гүлдер ұсынып.
Балалық қызық шақтарды,
Бауырмал жүрек сағынды.
Бар сырын саған ақтарды,
Ойлағын болашағыңды.
Жаңа жылды қарсы алуға асығып,
Гүл жайнайды Астананың оттары.
Келе жатыр, жаңа ғасыр, жас үміт.
Ескі жылдың ескі әуені тоқтады.
Әр бір мезгіл кезеңімен қызықты,
Боран соқсын мейлі тұман тұмшалар.
Есіл бойың
Мұз қалашық тізіпті.
Жаңа жылды паш еткендей шыршалар.
Елемей-ақ қыстың суық ызғарын,
Жаңа жылда көтерілсін көңілің.
Ешқашанда таусылмасын тұз дәмің.
О халайық, ұзақ болсын өмірің.
Жаңа жылда басымызға бақ қонып,
Жұмыс өссін, қылмыскерлер кемісін.
Әділеттің ақ жолында ақ болып,
Көре бергін жұмысыңның жемісін.
Жанға жайлы, жақсы тілек жаудырып,
Жаңа жылдың өткіздік қой талайын.
Ақ аспаннан ақша қар боп жауды үміт,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу