Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  78


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қысыр сөз

Түсінгендей жайымды іштей ұғып,
Сөйлейсің де, астарлап мысқылдайсың.
Пайда бермес сөзіңді біздей суғып,
Жанға жағар досым-ау, іс қылмайсың.
Маған батады, мысқыл мен жауыр сөзің,
Түсінбейді деп мені ойлайсың ба?
Тұншықтырып жүргенде ауыр сезім,
Қысыр сөзді бір сәтке қоймайсың ба?
Білем достым, мен жайлы ойың бөлек,
Сөзіңнің ыңғайында білдіргесің.
Бір сұлуды жүргенде жырға бөлеп,
Ойы басқа деп жұртты күлдіргесің.
Білем достым, сен мені түсінбейсің!
Жаныма жақын келіп үңілдің бе?
Мен емес дос жүрегін түсінбейтін,
Іштей тындым өзіңе түңілдім де.
Киелі жерде туып, білім алған.
Бермейтін жансың досым жаманатқа,
Кімге бәйге әперген мына жалған,
Қысыр сөз жараспайды азаматқа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу