Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  85


Автор: Бекен Әбдіразақов

Алматымның түнінде аймаласып..

Алматымның түнінде аймаласып,
Армандары аққудай Айдан асып,
Жүрген ғашық тілегі – жалғыз тілек:
Ләззаттану – тоғайлы сайға қашып!
От басылып, оңаша құмар қанып,
Жүректегі ақ сезім жұмарланып,
Мұнарланған көгілдір шамдар сөніп,
Екі беттен ұяты тұрар жанып!
Өткен, өткен – бәрі де өз басымнан,
Сұлуымның сүйгенмін көз жасынан.
Айлы түндер аманда мәңгі айтылар,
Ғашық жандар аңсайтын тозбасын ән!
Алматының түнінде аймаласып,
Армандары қиялдай Айдан асып,
Жүргендердің жүрегін көрер ме еді?
Пәк күнәдан құтылар қайда қашып?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу