Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  84


Автор: Бекен Әбдіразақов

Кеші еді Алматының қоңыр лепті...

Кеші еді Алматының қоңыр лепті,
Тағдырды толқытуға өмір де епті.
Топ құрбы толықсып кеп қонғаныңда,
Құс болып қуаныштан көңіл кетті.
Жайғастың менің жүрек тұс жағыма,
Мен сенің қолыңды алғаш қыспадым ба.
Бір рет қараймын деп сорлап қалдым,
Жан дүнием соқтығысты күшті ағынға.
Сол толқын бар сезімді жұлып алып,
Қалтырап жүрек байғұс құрыды анық.
Екеуміз би биледік демге балқып,
Адамдай бір-бірінен сыры қанық.
Бірақ сен тойған қозы сияқты бір,
Отырдың жүзіңде ойнап ұятты нұр.
Сенің де тұнық мінез жанарың да
Бейкүне сәбиліктен сый апты бір.
Қарадым, үзілердей көп қарадым,
Жаныма сол бейнеңмен от қаладың.
Ғашықтық – от дегенге күлуші едім
Сен десе, күйіп-жанып боп қаламын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу