29.05.2022
  93


Автор: Ескен Елубаев

ЕКI МIНЕЗ

«Бес» алса сабағынан,
Күн шығып қабағынан,
Асығып, жайраң қағып,
Əндетiп, сайран салып,
Сүрiне-мүрiне,
Жетедi үйiне.
Тiленiп апасынан,
Тiленiп атасынан,
«Киноға ақша бер», – дейдi,
«Бес» алдым ғой мен», – дейдi.
Жұмсаса, тiл алмайды,
Малдарды суармайды,
Сол күпiнген түрiменен,
Ойнайды ол күнiменен.
«Бес» алғанын мiндет етiп,
Қайтады үйге түнделетiп.


«Екi» алса сабағынан,
Қар жауып қабағынан,
«Апам шымшып алады-ау» деп,
«Атам нұқып қалады-ау» – деп.
Айтқызбай-ақ, қақсатпай-ақ,
Үй iшiне жақсаттанып,
Қораны тазалайды,
Деп: «менi жазалайды».
Құлаштап ағаш жарып,
Мал суарып, суға барып,
Үйден ұзап аспайды,
Жазатайым баспайды.
Қарайды апасының,
Қарайды атасының,
Жаутаңдай қабағына,
Тесiлер сабағына.
...Одан жақсы бала жоқ,
Өйтпесiне шара жоқ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу