Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  94


Автор: Бекен Әбдіразақов

Әйелдердің көзіне әлі жетеді!

Әйелдердің көзіне әлі жетеді!
Көтереді не салмақты етегі.
Қан-қайғысын жуындырып жасымен,
Сәбиіндей орап алып кетеді.
Әлдиімен ұйықтатады тербетіп,
Мейірімен шөлін басып көлдетіп.
Жүрегінің жөргегінде арманы
Ертеңгісін оянады ер жетіп.
Таңғы ауаның, таңғы нұрдың тазасын
Сіміргесін, ұмытады да азасын,
Өжеттене өршеленіп өмірге,
Тартқызады түнгі уайым сазасын!
Сағыныштан сазған жаны әндетіп,
Күн кешеді сыртқы көзге сәнді етіп.
Менің сорлы кемпірім де кешкісін
Құлап жүр ме екі көзге өл жетіп?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу