Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  95


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жүрегің сұмдық сезімтал...

Жүрегің сұмдық сезімтал,
Буғандай мені керімсал.
Тұншығып барам, демің сал,
Соғар ма салқын желің сөл!
Әлде сен жойқын лапылдап,
Өршіген көзсіз өртке ұсап,
Адасып қалып ақылдан,
Жүрмісің кешіп дертті шақ?!
Маңдайдан сипап ақырып,
Жұбатқан мені боласың,
Арамыз мың-мың шақырым,
Алыстан барлап шоласың.
Көзіңе көңілім көрінбей,
Қызықтап жүрсің сыртымнан.
Жақындап кетсең, өлімдей
Қорқасың сұмдық жұртыңнан.
Құдайдың сөзін кешпейтін
Мен пақыр болам алдында.
Көңілімнің отын өшпейтін,
Шын айтшы, байқап қалдың ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу