Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  81


Автор: Бекен Әбдіразақов

Арамыз алшақтады болмашыдан...

Арамыз алшақтады болмашыдан,
Айырылған қиын екен жолдасынан.
Жұптасып өзіңізбен жүрген шақта
Мен сізді кем көрмеуші ем қолбасыдан.
Бар еді Ізтай менен Қалжанымыз,
Солардың үстінде еді бар жанымыз.
Шалқақтап шаңдатқанда Алматыны,
Биік-тін Алатаудан арманымыз!
Бұ күнде тып-типыл боп жан-жағымыз,
Пайда боп тұр ғой қарпып алғанымыз,
Ас болсын аш көмейге салғаныңыз,
Құп болсын қу түлкідей қалғаныңыз!
Бүлкілдеп тұр ма тағы ар жағыңыз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу