Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  114


Автор: Бекен Әбдіразақов

Көз жұмғасын тіршілігің бір-ақ пұл...

Көз жұмғасын тіршілігің бір-ақ пұл,
Келіп-кетер жер уақытша тұрақ бұл.
Әттең, мәңгі өлмейтұғын өмірдің
Көзіндей боп Күн секілді шырақ тұр.
Күн сөнбейді, сен сөнесің жалғанда,
Аћ ұрасың ойлап, еске алғанда.
Өшкен гүл де көктем туса жанады,
Тәнің сенің нәр боп оған қалғанда.
Амалың не табиғаттың заңына,
Құлақ түрер кім жаныңның зарына?
Тіршілікте түзу жүріп өттім деп,
Жұбанасың, жүгінесің арыңа.
Әттең, шіркін, талтаңдап-ақ жүрсең де,
Дүниядан кетеріңді білсеңде,
Бір-ақ күнгі қызығыңа малданып,
Қаласың-ау мәңгі өлместей алданып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу