Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  99


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қу тіршілік күндіз-түн тақымдаған

Қу тіршілік күндіз-түн тақымдаған
Кіргізбей-ақ қойды ма ақыл маған?
Өмірімнің шілдесі туған шақта,
Қалтыраймын аязда сақылдаған.
Көктемімде қалды ма бар ыстығым,
Ол бір дәурен, қайтесің, жарыс-тұғын!
Қатарымнан озғанмын қамшы бойы,
Бақытымның маңдайы қарыс-тұғын.
Жер ортаға жеткенде өкпем ошіп,
Шынымен-ақ кеткен бе көктем көшіп?
Көктемімде төгілген ащы терім
Жайқалмай ма ырзықтай бөктерде өсіп?!
Әлде жаздың аңызақ ыстығы ұрып,
Ырысымның дәндері түсті үгіліп?!
Селдір екен егінім, сезінемін,
Орып жүрмін бүгінде үш бүгіліп.
Қайта егем-ау қырдағы күздіктей-ақ,
ЬІрысына өзгенің үздікпей-ақ.
Мен кетсем де, егінім көктемеде
Толқынданып жатпай ма Көктөбеде?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу