Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  112


Автор: Бақыт Беделханұлы

Сия-сауыт запыранға толып тұр...

Сия-сауыт запыранға толып тұр.
О, Тəңірім, зарықтырма, зорықтыр!
Алдыменен, сен тыңдайтын күнəні,
Жазайын ба, жазбайын ба, соны ұқтыр.
Заманыңның күлкісі бар қайғылы,
Сол қайғысы күлкі болар қай күні?
Үлкендердің ойыны да бір сұмдық...
Түніменен ұйықтатпайтын байлығы.
Өздерінің байлығы ғой азырақ,
Біздің байлық – кедейлік қой бағы ұзақ.
Қоғамым да жылатпайды, жыласаң
Көрге тығып жібереді қазір-ақ.
Жыламауға серт бердік те құлшындық,
Орнатам деп омыртқалы мінсіз құт.
Көлеңкеме көр қазып мен жүргенде,
Түн қойнына кіріп кетті Күн сырғып.
О, құнсыздық!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу