Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  149


Автор: Динара Мәлік

Сол күндер елес...

Сол күндер елес,
Тұрақтамасын соны ұқтым,
Күрсініп алды кеудеге сіңген ғаріп-мұң.
Жаңбырдың иiсiн ұқсатып сенiң иiсiңе,
Деміңдей болып, аймалаушы еді-ау
Жарық Күн!
Сол күндер елес,
Елес боларын сезген кім?
Сүйiсiп тұрып, сүйем деп тұрып өзгердiм.
Біздегі сезім, сөзге де сыймас сиқыр-ау,
Жанарындай бір, жарқылындай бір көздердің.
Сол күндер елес,
Елеске сыйды ессіздік,
Күндерді ауыр, кірпікпен сүйеп өткіздік.
Сол сезім сені жіберді ме екен жайсаң ғып,
Сол сезім мені жіберді ме екен кексіз ғып...
Сол күнгі шақтар,
Шамдарын бүгін сөндірді,
Лаулаған ләззәт лап етіп сөніп үлгірді.
Адалдау кейпін көшіріп алдық уақыттың,
Жазылған жырды, жаңылған сәтті кім білді?...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу