Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  134


Автор:  Жанар Ешназар

* * *

Жан ауырмай ұшқыр ойың қашалмайды,
Жүйрік ойсыз, сөзің ештен аса алмайды.
Дерті барлар көп болғанмен барлық адам,
Біреу үшін басы ауырып, жас алмайды.

Адамдар бар бейпарықсыз маужыраған,
Жандар да көп адасудан қалжыраған.
Жанашыр боп, назар салып құшайын десем,
Пенде таппай қалам кейде, алжымаған.

Бұл күндері рахымсыз көп асқан қитар.
Бәзбіреуге намыс — мода,
дастан, хит — ар.
Өксіп-өксіп алайын десем өкпемді айтып,
Кейде, адал жан табылмас бастан сипар.

Тастамаған бетпердесін бейілдің де,
Маскаларға кейімедің, кейідің не?..
Бәлкім мендей күй кешіп жүр барлық адам,
Жұтап жұмыр жүректері мейірімге..

Жанар Ешназар
01/04/2022ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу