Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  119


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қаршадай бақыт, қайдасың?

Қаршадай бақыт, қайдасың?
Қарадым қара жолға ұзақ.
Тағдырым қайда айдасын,
Табындым саған жалғыз-ақ…
Ғұмырым бойы бiр көрмей,
Ғайып болып кеткiм келмейдi.
Тiрлiкте түкке үлгермей,
Жүргесiн жаным шөлдейдi.
Қаршадай күннен қағынып,
Жүрекке дертiм жамалды.
Көрмеген жанды сағынып,
Көздегi нұрым жоғалды…
Перiште ме, əлде перi ме?
Орынын бердiм қия алмай.
Орнықты көңiл төрiне,
Қиял елiне сыя алмай.
Миымда ма, əлде санамда,
Табынар мүсiн жасадым.
Көрсетпеушi едiм адамға,
Көзiңнен қалай тасамын?
Қаршадай бақыт – ханшадай
Қара жолдарға шығар ма?
Тұра алмай қойдым аңсамай,
Қараның жайын ұғар ма,
Қайырылып халiм сұрар ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу